Отбасы құндылығы берік сақталуы үшін еңбек заңнмасының кейбір баптарына өзгеріс енгізу керек. Себебі, қазір қоғамда ата-ана тек шаңырақтың асыраушысы деген пікір қалыптасқан. Яғни, әрбір үйдегі отағысы еңбек етіп, қаржы табудың қамымен жүретіндіктен отбасына дұрыс көңіл бөле алмайды. Әсіресе, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында еңбек етенін мамандар үшін қазір ең басты мәселе осы. Ал отбасы құндылығы жойылса қоғамда қатегездік көбейеді. Сондықтан кез-келген мекеме жұмысшының отбасына қолайлы жағдай жасауға мүдделі болуы тиіс. Осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар Өскеменде өткен халықаралық конфернцияда осы мәселені талқылады.
Конференцияда отбасының қоғамдағы рөлі, оның адамның еңбекке деген көзқарасы мен жұмыс сапасына әсері жан-жақты талқыланды. Игі шара Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылды.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі қоғамда еңбек әулеттерінің сабақтастығын сақтау мен жұмыс орнында жағымды моральдық-психологиялық орта қалыптастыру аса маңызды.
Жиын соңында конференцияға қатысушылар мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге арналған резолюцияны қабылданды.Құжат аясында алдағы уақытта отбасының қоғамдағы рөлін айқындайтын нақты шаралар іске асырылмақ.