Өскемен ұн тарту комбинаты — заманауи технологиялармен жабдықталған ірі өндіріс орны. Мұнда соңғы үлгідегі зертханалар, астық сақтау қоймалары мен тұқым зауыты жұмыс істейді. Комбинат аймақты сапалы ұнмен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен арна тілшілері де танысып қайтты.
Өскемен ұн тарту комбинатының тарихы тереңде. Өндіріс орны 1960 жылы аймақтың аграрлық саласын дамыту, астық сақтау және өңдеу мәселелерін шешу үшін құрылды. Қазіргі таңда комбинат 190-нан астам азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік жауапкершілік аясында қайырымдылық жұмыстарына да белсенді қатысады. жүргізуде.
Соңғы бес жыл ішінде комбинатта астық сақтауға арналған заманауи қойма салынды. РETKUS жабдығы орнатылған тұқым зауыты іске қосылды. Ұн тарту цехы мен зертхана жаңарды, өнім сапасын бақылау үшін SDmatic және AlveoLab жабдықтары орнатылды.
Өскемен ұн тарту комбинатында үздіксіз жұмыс пен жоғары сапалы өнім өндіруге арналғанның бәрі бар.Тегеурінді техника, заманауи құрал-жабдықтардың барлығы қызмет барысында сәтті қолданылып келеді.