Облыс орталығында Шығыс Қазақстан бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтті. Жиында шаһардағы жергілікті атқарушы органдар қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Аудит мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындау және атқарушы органдар қызметінің өңір экономикасына және әлеуметтік салалардың дамуына әсер ету деңгейін бағалауға бағытталған. Комиссияда аудитпен 12 нысан қамтылды.
Аудит анықтаған мәселелер қатарында қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тиісті шаралардың қабылданбауы да бар. Өңірлік тексеру комиссиясының төрағасы Дархан Амангелдіұлы әкімдік өкілдерінен мәселені оңтайландыру мақсатында жауап алды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудиттер арасында бұзушылықтарды жою және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.