ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин жұмыс сапарымен шығысқа келді. Вице-министр алдымен тұрғындарды қабылдап, кейін халықпен кездесу өткізді. Онда цифрландыру, инновациялық даму және мемлекеттік қызметтерді жетілдіру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин азаматтарды жеке мәселелріне қатысты қабылдау өткізді. Облыс тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын тікелей министрлік өкіліне қойып, тиісті жауап ала алды. Шара барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды, әсіресе шалғай және туристік аймақтарда дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда республикалық, облыстық маңызы бар жол бойында антенна- діңгек құрылымдарын салуға ерекше көңіл бөлінуде.

Самар жағалауындағы телекоммуникациялық қамтуды кеңейту аясында жақын арада мұнара салу жобасы басталады. Бұл туристерге тұрақты жоғары жылдамдықты интернетті пайдалануға мүмкіндік береді.

Кездесуде цифрландыру, инновациялық даму және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Электронды құжатқа көшу жағдайында азаматтардың жеке деректерін қорғауға ерекше көңіл бөлінуде.

Шара соңында вице-министр елде цифрландыруды дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.