Өткен демалыс күндері «Шығыс Қазақстан облысының жетім балаларын қорғау» қорына риддерлік қоғам белсендісі шығып, Өскемендегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактісі орын алғанын хабарлаған. Осыған байланысты облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтауға көшкен.
Қоғамда қызу талқыға түскен мәселені аймақ басшысы Даниал Ахметов жеке бақылауына алды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактісінің жай-жапсарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал оны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аксана Каленова басқарады.