«Казцинк» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралардың іске асыруды жалғастыруда. Бүгін компания өкілдері БАҚ өкілдерімен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып, биылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Өңірдегі ең ірі өндіріс орны «Казцинк» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыруда. Мәселен, 2001 жылы атмосфераға бөлінетін күкірт дикосидінің мөлшері 69 мың тоннаны құраса, қазір бұл көрсеткіш 16 мың-ға дейін төмендеді. Бұдан бөлек өткен жылы экологиялық әлеуетті арттыруға бағытталған 35 жоба іске асырылған. Өндіріс орнындағы тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алмастыру ісі де басты назарда. Технологиялық процесстерді оңтайландыру бастамасы да кезең-кезеңмен іске асты. Сүзгі жүйесі, аумақты көгалдандыру жұмыстары да ұмыт қалмады.
Казцинк компаниясы елдегі алпауыт өнеркәсіп орындарының бірі. Кәсіпорын  қала тұрғындарымен кездесіп, зауытта экскурсия жүргізуге де қарсы емес. Келушілер түрлі тазалау жүйелерін өз көздерімен көріп, олардың жұмыс істеу принципі туралы біле алады. Жалпы, "Казцинктің" есігі қонақтарға әрқашан ашық.
Ал биыл «Казцинк» компаниясы табиғатты қорғау шараларына 722 миллион теңге жұмсамақ. Оның ішінде атмосфералық ауаны қорғауға 315 миллион теңге бағытталады. Алдағы екі жыл құрамында күкірті бар газдарды өңдеу үдерісін жетілдіруге арналады. Ол үшін күкіртқышқылы зауытын қайта жаңғырту қажет.