Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі күн санап артып келеді. Ал оны іске асыру үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкерлері облыс орталығында тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Себебі, тұрғындарға берілетін анықтамалар саны жаңа құжатпен толыққан.Әріптесім Фатима Тілейханқызы тарқатсын.
Енгізілген жаңашылдық  мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторда еңбек етуге ниеттілер үшін тиімді. Себебі, бұл анықтамада азаматтардың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне, қылмысқа қатысы бар-жоғы туралы ақпарат бірден беріледі. Айта кетейік, бұған дейін құжатты алу үшін құқықтық статистика комитетіне жеке өтініш жазып, бірнеше күн жауабын күтуге тура келетін еді.
Анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе азаматтарға арналған үкімет порталынан,  egov мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Бұл қызмет арқылы анықтаманы алу ұзақтығы- 10 минуттан 5 күнге дейін. Ал, жеке деректері ұқсас адамдардың іс – қағаздары ұзақ уақытты қажет етеді.