Халық дән риза. Жаңа Бұқтырма кентінде Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты іске қосылып, болашақта жаңа жұмыс орындары құрылады. Облыс әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданына арнайы барды. Жергілкті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесудет облыс әкімі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді көп векторлы дамыту жайындағы салмақты шешімдермен  келісетінін айтты. Шығыста негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінді өсуі байқалатынын тілге тиек етті. Облыс басшысы Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты тұрғысында сөз қозғады. Аталған өніріс ошағының іске қосылуын  қала тұрғындары біраз уақыт күткен болатын. Мәселе оң шешімін тапты.
Облыс әкімі былтырғы жылы ауданда игерілмей жатқан жерлер жөнінде де сөз етті. Оның 2,3 мыңнан аса гектары үкіметке қайтарылған. Сонмен қатар,  Жаңа Бұқтырмада  жағалауды және кенттің өзін абаттандыру бойынша ауқымды жоба іске асырылатын болады. Жұмыс үшін жергілікті тұрғындарды да тартылады.Абаттандыру тікелей өтетін аумақта орналасқан учаскелердің иелеріне әкімдік екі нұсқаны ұсынбақ.Нарықтық бағамен айырбастау немесе сатып алу қарастырлады. Жиында өңір басшысы халықты толғандырған бірқатар сұрақтарға да жауап берді.
Биыл кентте мемлекеттік тілде оқытатын 300 орындық мектеп құрылысы басталады, аурухана ғимаратын қайта жаңартуға жобалық- сметалық құжаттама әзірленді. Ауылда екі дәрігер бригадасы жұмыс істейді, ал жаңа Бұқтырмаға көшкісі келетін дәрігерлер көтерме ақы және баспана алады. Кездесуде жылу желілерін жөндеу туралы мәселе көтерілді. Облыс әкімі не істеу керектігін айтып жауаптыларға тапсырма берді.