Қалалық кинотеатрдың бірінде қазақстандық көрнекті металлург Ахат Күленовті еске алуға арналған фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл фильм «Қазцинк» кәсіпорнының қолдауының арқасында көпшілікке жол тартты. Ахат Сәлемхатұлы педагогика және ғылыми қызметпен айналысқан сыйлы тұлғалардың бірі.
Ахат Күленовтың өмірі Өскеменмен тығыз байланысты. Ол – қайсарлығы мен еңбекқорлығының арқасында құрметке бөленген тұғыры биік тұлға. Ахат Сәлемхатұлы металлургия өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның басшылығымен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында елдегі алғашқы таза алтын шығарылды. Бұдан бөлек, қала аумағындағы «Күленов» деп аталатын тұтас бір аудан Ахат Күленовтің құрметіне арналған.
Фильмді алғашқы болып көруге Ахат Күленовтың жақын достары, әріптестері және туған-туыстары келді. Өткен жылы Ахат Сәлемхатұлының туғанына 90 жыл толды, - дейді «Казцинк» ЖШС атқарушы директоры Андрей Лазерев.
Ахат Күленов туралы фильмді металлургия саласындағы студенттердің оқу бағдарламасына енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, бұл фильм кітапхана мен мектептерде қолжетімді. Ал, фильмді тамашалағысы келетін жандар YouTube желісінде арнайы сілтеме арқылы көре алады.