Өскемен қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары вирусты гепатит жайында халыққа ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дертті жұқтыру жағдайын төмендету әрі оны алды алу мақсатында қала аумағында айлық басталды.
 «А» вирусты гепатит – бауырды зақымдайтын жіті инфекция. Бұл вирустың қоздырғышы физикалық факторлардың әсеріне төзім болып келеді. Әрі сыртқы ортада ұзақ сақталатын қасиетке ие. Аурушаңдық көрсеткіші жаз,күз мезгілдері, қыркүйек–қараша айлары аралығында артады.
Вирустық гепатиттен сақтанудың жолы - вакцинация. Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі. Екі екпенің арасында 6 ай уақыт өтуі тиіс.  Вирусты гепатитке қарсы екпені дерттің ошағында болған 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.
Инфекцияның алдын-алу үшін азаматтар  жеке бас тазалығын сақтап, екпе алып, жеке күтімді басты назарда ұстауы аса маңызды.