Шемонаиха ауданына биыл 95 жыл. Қазіргі уақытта аудан экономикасы қарқынды даму үстінде. Барлық салада оң өзгеріс бар. Арна тілшілері таяуда өлкенің даму тарихымен танысып, мемлекеттік архивтің қызметкерлерімен тілдесіп қайтқан еді.
Пайдалы қазбаға бай кен орындары ауданның экономикалық жағдайының артуына да ықпал етуде. Шемонаихадағы мемлекеттік архивтің архивисті Ольга Крючкованың айтуынша, өлке тарихындағы елеулі өзгерістің бірі - Рубцовка-Риддер темір жол құрылысының басталуы болды.
44 мыңға жуық тұрғын бар ауданда 23 жалпы білім беретін мектеп бар. Сондай-ақ кәсіптік білім беруге бағытталған 2 колледж орналасқан.