Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайын 18-ші мамыр мұражай күні атап өтіледі. Мұнда іс-шараға келем деушілерге әрдайым есік ашық. Көрмеден ТЖ қызметкерлерінің тарихын, дамуын және қазіргі жағдайын көрсететін 3000-нан астам түрлі экспонаттар бар.
Мұражай 1986 жылы ашылды. Экспозициялар 3 үлкен залда орналастырылған. Белгішелер жинағынан 300-ден астам дана, өрт сөндіру машиналарының әртүрлі модельдерінен 100 автомобиль бар. Бас залда өрт сөндіру құралдары орналасқан. Мұражай қорының құрамына түрлі сирек кездесетін заттар кіреді: өрт сөндіру дулығалары, оқпандар, құтқарушылардың жабдықтары.
Балалар мен оқушылардың сүйікті экспонаттарына құтқарушылардың, сүңгуірлердің, дәрігерлердің, құтқарушы-альпинистер мен парашютшілердің, кинологтардың, ТЖ қызметінің дәрігерлері мен өрт сөндірушілердің кәсіби жабдықтарына арнайы зал бөлінген. Оқушылар мұражайға келгенде дәстүр бойынша жауынгерлік костюмдер мен өрт сөндірушілердің дулығаларын киіп көреді.
  Сонымен қатар, мұражайда 1926 жылғы өрт сөндіру бригадасының жеке құрамының ең көне ұжымдық фотосуреті бар.
Мұражайдың  әр бұрышы мағыналы. Мұнда ТЖ қызметінің даму тарихының орны берілген. Онда өрт дулығалары, рациялар, газеттерден үзінділер сияқты материалдар бар. Көрмеде 3000-ға жуық фотосурет бар.
Өрттегі ерлігі үшін медальдармен марапатталғандардың макеті әсерлі. Олардың ішінде Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісіндегі ауқымды өртке қатысушылар бар. "Жеке ерлігі үшін" ордендерімен марапатталған В.Побрус, В.Наумов, Е.Осипов сынды қызметтің атақты офицерлері де бар.
Мұражайлар мәдени және тарихи мұраны сақтайды. Облыстық ТЖД өрт-техникалық орталығы өңір тұрғындарын қауіпсіздік негіздерін үйретуге  көмектеседі. Мұражайға келем деушілерге есік үнемі ашық.