Өскеменде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Жиынға өңірдегі салалық басқарма өкілдері мен аудан әкімдері онлайн форматта қатысты.
Жиын облыстық кәсіподақтар орталығында өтті. Комиссяның жұмысына облыстың қала және аудан әкімдері мен өңірдегі мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қатысты. Басқосуда әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар. Ал, екінші мәселе зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар және МӘМС. Үшінші, әлеуметтік шиеленістің және әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу барысы. Төртінші, электрондық еңбек шарттарын еңгізу мәселелері қаралды.
Еңбек инспекторлары осы жылдың көлемінде 250 млн теңгеден астам еңбек ақы берешегін анықтаған. Қазіргі таңда оның 210 млн теңгесі өтелді. Қалған берешекті өтеу бойынша шаралар легі жалғасуда.