Өткен аптада «Smash» теннис орталығында  әуесқой және балалар теннисін дамытуға бағытталған дәстүрлі жарыс өтті. Спорттық шара «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.
Үлкен теннистен өткен жарысқа барлығы 4 команда қатысты. Олар Алматы, Талдықорған, Павлодар, Өскемен қаласының құрамалары. Әр команда сапында 4 ұл, 4 қыздан құралған 8 ойыншы бар.
Елдің әр өңірінен келген жас теннисшілер қатарында Өскемендік өреніміз де бар. Нұрая Айтқұрманова 4 жыл бойы теннистің шаршы алаңында озық ойын үлгісін көрсетіп жүр. Ал, жаттықтырушысы Евгений Нефедов жас ойыншыларды дайындауға зор үлесін қосып келеді.
 «Шығыс кубогы» деп аталын бұл сайыс осы жылы алғаш рет ұйымдастырылуда.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылып жеңіс тұғырынан көрінгендер– Алматы қаласының ойыншылары болды. Екінші орынды- Өскемен қаласының құрама командасы иеленсе, Алматы облысының ойыншылары - үшінші орынды місе тұтты. Ал, төртінші орынға Павлодар құрамасы жайғасты.