Облыс орталығында шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті. Сайыста елдің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ге жуық спортшы бақ сынасты. Басты мақсат – каратэ спортын кеңінен насихаттау, жас өрендердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру.
Жүлделі орыннан үмітті жасөспірімдер қарсыластарына еселерін жібермеуге тырысып бақты. Шараны ұйымдастырушылар «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.
Каратэ спорты өңірлерде айтарлықтай қолға алынып, даму үстінде. Оған қазір ұлдар да, қыздар да көптеп қатысуда.
12 жасар Ерсәлім Әмірдің каратэ спортымен айналысып жүргеніне небәрі 3 жыл болған. Осы уақыт аралығында ол бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрініп те үлгерген.

Михаил Злобин жарысқа Ресейдің Кемерово қаласынан келген. Айтуынша, ол бұған дейін де талай сайыстарда топ жарған.  
Ауқымды додаға Абай облысынан 100-ден астам спортшы қатысты.
Айта кетейік, командалық есепте 1-ші орынды шығысқазақстандықтар иеленсе, 2-ші орынды Абай облысының мықтылары қанжығалады. Ал 3-ші орынға Кемерово қаласынан келгендер табан тіреді.