Негізгі Жаңалықтар Орман өрттерінің алдын алу

Орман өрттерінің алдын алу

Табиғи өрттердің алдын алу үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізуде. Өрт инспекторлары, орманшылар мен полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құрылған 300-ге жуық адамнан тұратын арнайы 46 мобильді топ орман аумағын бақылап, жағдайына мониторинг жүргізуде.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары орман өрттерінің алдын алу бағытындағы кешенді іс-шараларды қолға алуда.
Жедел мобильді топтар құқықбұзушылармен күресуден басқа, ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өрттің салдары үшін қандай жауапкершілік бары туралы ақпарат беретін нұсқаулықтарды таратады.  Мәселен, аумағы 400 мың га-ға жуық Алтай қаласындағы орман шаруашылығында өрттің алдын алу шаралары ұйымдастырылған.
Уақытылы әрекет етуді қамтамасыз ету үшін белгілі бір нүктелерге космомониторинг жүргізіледі, бұл өртті ерте анықтап, дер кезінде сөндіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу