Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданына барды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларды толғандырған түйіткілді сұрақтарға жауап берді. Халықпен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Сонымен қатар алдыңғы кездесу барысында айтылған мәселелердің шешімі туралы айтылды.

Биыл Шемонайхада "Жайлы мектеп" жобасы аясында 300 орындық мектеп салу жоспарланған.  Выдриха, Камышинкадағы жалпы білім беру мекемелерін жөндеу де қолға алынбақ. Ал аудандық аурухананы ретке келтіруге миллиардтан астам теңге бөлінді, онда барлық қажетті жабдықтар, соның ішінде компьютерлік томограф орнатылады. Аудандық аурухананың екі дәрігері Израильде біліктілігін арттырады. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге 124 миллион теңге, сумен жабдықтау жүйесін жүргізуге 125 миллион теңге бағытталмақ.

Сондай-ақ, биыл алты ауылға интернет желісі тартылып, көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, фитнес орталығын салу үшін орын анықталды. Бүгінгі күні "Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" жолын жөндеу аса маңызды. Бұжан бөлек жаңа көпір салу жобасы дайын. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша космомониторингтің көмегімен 509 мың га анықталды. Бұл жерлер халыққа жайылымдар және тұрақты дамып келе жатқан агроқұрылымдары бар шаруашылықтар үшін беріледі. Ауданда агроөнеркәсіп секторы қарқынды дамып келеді, бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілмек.

Аймақ басшысы аталған жұмыстар жалғасын табатынын, тек Шемонайха ауданында емес барлық аудандарда қарқынды жүзеге асатынын атап өтті.