Өскеменде дәстүрлі музей түні шарасы өтті. Облыс орталығындағы Өнер мұражайында өткен рухани шараға қала тұрғындары белсене қатысты. Келушілер үшін түрлі ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырылды.
Шараға есімі елге танымал суретшілер өз шәкірттерін ала келген. Себебі, қылқалам шеберлері үшін бұл шаңырақ өте ыстық. Олар мұнда өзідерінің жұмыстарын қалың көрерменге таныстырып, насихаттайды.
Бұл шараға ата-аналар балаларымен келген.
Мұнда балаларға арналған «Айналайын» сурет салу және аква гриммен сурет салу бөлімі ашылған.
Мұражай қорында көптеген жұмыстар жиналып, сақталған.
Бұдан бөлек келушілерге шеберлердің жәрмеңкесі және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Ал балалар түрлі ойындарға қатысып, білім сайыстарында бақ сынауға мүмкіндік алды.