Өскемен әуежайында соңғы он жылда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.Әуе айлағы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша тасымалды жүзеге асырады. Сағатына 200 жолаушыны қабылдауға қауқарлы жаңа ұшып келу терминалыда қолданысқа берілген. Бұл жұмыстар «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асты.

Қайта жаңғырту барысында қолданыстағы ұшу-қону жолағы 2 100 метрден 2 800 метрге дейін ұзартылды. Жасанды ұшып қону жолағы бұрылуға арналған алаң құрылғысымен 45 метрге дейін кеңейтілді.
Сондай-ақ, көлік тұрақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Жаңа тұрақ орындары салынды. Тиісті таңбалау енгізілді.

Сондай-ақ, ұшу географиясын кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың                            16 мамырынан бастап Түркияның Анталия қаласына халықаралық рейстер іске қосылды. Әуе бекеті күрделі жөндеуден өтті. Алдағы уақытта заман талабына сай  жолаушыларға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіледі, дейді мамандар.