Өскеменде мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті. Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының қажетті саласы. Мерекеге орай бірнеше азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Мәдениет саласында қызмет етіп жүрген жандар үшін бұл күн қуанышқа толы болды. 7 маман «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болса, 2 қызметкер Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет граммотасымен» марапатталды.
Ал, аймақ басшысының алғыс хаты Арсен Тенге табысталды. Облыс әкімі орынбасарының алғыс хаты 23 қызметкерге табысталса, Мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатымен 40-қа жуық маман марапатталды.
Сондай-ақ, өңір әкімдігі және А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана - Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды. Сала мамандының айтуынша, бұл үлкен көрсеткіш, мадақ.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты. Айта кетейік, мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол.