Вице-министр сапары
Өңірге ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов келді. Вице-министр сапары барысында аймақ тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Ержан Біржанов «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң мен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жайлы ақпарат берді.
Вице-министр сапары барысында тұрғындармен кездесіп, өңірдегі атқарылған жұмыстармен танысты. Жиын барысында бюджеттің атқарылуы, жеке тұлғалардың банкроттығы, көлік құралдарын заңдастыру, арнайы бөлшек салық режимін қолдану және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қаралды.
Басқосуда шағын және орта бизнесті дамыту, салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері де қалыс қалмады.
Биыл облыста салық төлеушілердің саны – 782 946 адамды құрады. Оның ішінде заңды тұлғалар – 15877, жеке тұлғалар – 767 069 адам. Елде көлік құралдарын заңдастыру процесі басталғаннан бері аймақта 2 522 көлік құралы заңдастырылған. Кездесуде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов баяндама жасады.
Кездесу барысында вице-министр тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, баспасөз конференциясына қатысты. Сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.