Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада аймақтағы бірінші кинозал іске қосылды. Мұнда көру мүмкіндігінен айырылған жандар фильмді арнайы дыбыс аудармасымен естиді. Нәтижесінде көру қабілеті нашар балалар көрнекі түсініктеме арқылы саналарына толықтай  «бейнені» қалыптастыра алады. Кинозалдың басқа да ерекшеліктері туралы әріптесім тарқатсын.
Көру мүмкіндігінен айырғалдарға арналған бұл кинозал сапалы аудиожүйемен және заманауи экранмен жабдықталған.  Мұнда кинодағы кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттері егжей-тегжейлі сипатталады. Бұдан бөлек, фильмдегі шағын кідірістерге арнаулы ескертпелер де бар. Бұл ерекше жоба «Казцинк» ЖШС арқасында жүзеге асып отыр.
Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ерекше кинозалдың  алғашқы көрермендері– №19 мектептің оқушалары болды. Мұнда балаларға «Невидимка» фильмі көрсетілді. Бұдан бөлек, қызықты интерактивті ойындар өткізіліп, көңілді әндер шырқалды.
Жобаны ұйымдастырушылар балалар мен ересектер үшін арнаулы киноклуб, кинофестивальдер, фильмдер бойынша ойындар және басқа да көптеген шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ал бұл бастамаларға аймақтағы ірі кәсіпорын «Казцинк»ЖШС қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.