Өскеменде  10-шы "New generation" Х облыстық IT-фестивалі өтті. Онда білім беру саласындағы тың инновациялық технологиялар ұсынылып, талқыға түсті.Шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Аймақ басшысы өңірдегі жас дарындарға Start up-жобаларын іске асыруға қолдау көрсетіп, әкім грантын табыс етті.
Жас ғалымдар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. Олар  өз жұмыстарын 6 сектор бойынша таныстырды-" Kids Skills"," Maker Fest"," Junior Skills"," Startup-Жобалар"," Robotime","ClusterPro".  Шарада облыс әкімі Даниал Ахметов фестиваль қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, өңір мектептерінің оқушыларына 10 Start up-жобаны іске асыруға сертификат табыс етті.
Мұнда ғылыми ойын-сауық аймағы ұйымдастырылды. Келушілер 3D фотоаймақ, фотостенд сынды жаңа технологиялар жетістіктерін тамашалауға мүмкіндік алды.
Тәуелсіз сарапшылар қорытынды шығарып, үздік жобаларды анықтады. Сонымен қатар көрмеге келушілер онлайн дауыс беру арқылы «Көрермендер көзайымы» сыйлығының иегерін марапаттады.
Фестивальде облыс мектептерінің оқушылары, колледж және ЖОО студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.
Айта кетейік, IT-көрме аймақтағы білім беру саласында өткен жалғыз ауқымды шара.