Бүгін облыстық драма театрда прокуратура  мамандары мен жеке кәсіпкерлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кішкентай көрермендер назарына «Маугли» қойылымы ұсынылды. Бұл шараға «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды.
Бұл қойылымға келген балалардың қуанышында шек жоқ. Көрермендердің қатарында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерінен бөлек, аз қамтылған отбасының, прокуратура қызметкерлерінің балалары мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар болды. Барлығы 300-ге жуық бүлдіршін қойылымды тамашалауға келген. Мерекелік шараны облыстық прокуратура мамандары мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырды.
Елімізде жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған                  22 081 бала бар. Оның ішінде 3 790 бала балалар үйінде тұрады. Соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 80 бірлікке қысқарды. Бүгінде барлығы 116 ұйым жұмыс істейді.
Қойылым соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.