Беларусь мемлекетінде жас инспекторлар сайысы өтті. Халықаралық дәрежеде өткен сайыста өскемендік оқушылар өзгелерден дара шауып, бас жүлдені иеленді. Жергілікті полиция қызметкерлері мен мектеп ұжымы, ата-аналары жеңімпаздарды зор қошеметпен қарсы алды.
Беларусь мемлекетінен жүлдемен оралған жас инспекторларды жерлестері мақтанышпен қарсы алды. Әр қайсысы жүрек жарды тілектерін жаудыртып жатты. Сый-сыяпат табыстап, алғыстарын айтты.
Жас инспекторлар жол қозғалысы ережелерін жетік біледі. Одан бөлек, алғашқы медициналық көмек көрсету, сапта жүру дайындықтары да жоғарғы деңгейде.
Жас инспекторлар дайындықтың жоғары деңгейде болғандығын айтады. Алдағы уақытта да түрлі жарыстарға белсене қатысып, бас жүлдені қолдан бермеуге тырысатындықтарын айтады.