Күршім ауылының орталық алаңында балалар күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында жас жеткіншектердің шығармашылығын қолдау мақсатында түрлі ән-би байқаулары мен  сурет салу сайыстары ұйымдастырылды.
Бұл күні Абай атындағы орталық алаңға жиналған жұрттың қарасы қалың. Жаздың алғашқы мерекесінде балалар үшін түрлі сауықтыру шаралары өтті.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өтіп  жатқан шараға байланысты қоғамдық тәртіпті қадағалап, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасады.
Шарадан мерекелік леп сезілді. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.
Балаларға мұндай естен кетпес шара дәстүрлі түрде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл  өткен сайын балаларға арналған бағдарламалардың саны мен сапасы артып келеді.