Балаларды қорғау күніне орай Өскеменде ерекше күтімді қажет ететін балғындарға арналған екі әлеуметтік маңызы бар нысан қолданысқа берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.
«Қамқорлық» орталығы  баланы дамытуда үлкен үлес қосуда. Мұнда дефектолог, логопед, психолог, терапевт жұмыс істейді. Жоғары білікті мамандармен толыққан. Орталық  ағаш ұстасы, қыш шеберханасы, тігін цехы сынды кабинетпен қамтылған. Барлық қызметтерді халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасы бойынша тегін алуға болады.
Ерте араласу мен аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық ата-аналарға зор қуаныш сыйлады.«Қамқорлық» орталықтары «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының  ынтымақтастығының арқасында  ең замануи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Даниал Ахметов пен Нұрлан Жақыпов ҮМЗ–на барды. Ондағы жаңа нысанның жұмысымен танысып, еңбек ұжымына сәттілік тіледі.
Облыс әкімі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстанның түсті металлургия көшбасшыларының бірі-Казцинк ЖШС –не де барып қайтты.