4 маусым - елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің темірқазығы саналатын Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мереке Өскеменде ерекше аталып өтті.Шараға мектеп оқушылары да қатысты. Қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу басты мақсат. Осылайша, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналған көк туымыз әспеттелді.
Мемлекеттік нышандарға деген құрмет – елге құрмет. Аймақта мерекеге орай «Рәміздер мақтанышым» атты автошеру ұйымдастырылды. Шарада жастар әуелі мемлекеттік әнұранды шырқады. Негізгі мақсат - патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сондай-ақ, шарада жастарға Елтаңбасын тұмардай қастерлеп, әнұранымен рухтанып, көк туды көкке көтерудің маңыздылығы айтылды.
Мемлекеттік нышанға деген құрметті үлгі ете отырып, жастарға насихаттау, баршамыздың борышымыз, дейді полиция қызметкерлері.
Осылайша, айбынды асқақтатып, ұлтқа деген сүйіспеншілікті айшықтайтын рәміздер күні аймақта ерекше аталып өтті.