«AMANAT» партиясы қайырымдылық шарасын өткізді. Игі шара «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылды. «Аялы алақан» атты қайырымдылық концертінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
Балаларды қорғау күнінде «Ертіс концерт» сахнасында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері тұрғындарды өз өнерлерімен қуантты. Балалар үйі 1999 жылы құрылған.  Мекеме басшысы-Майра Бейсеқанова.  
Балаларды қорғау күні – бұл балалар мерекесі ғана емес, сонымен қатар ол қоғамға баланың құқықтарын, денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау қажеттілігін еске салады. «Ертіс концерт» сахнасында өткен шарада балаларды қорғау күнімен ҚР Парламентінің Сенаторы Ольга Булавкина мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лұқбек Тұмашинов онлайн құттықтады. Мәдениет ошағының қабырғасында өткен мерекеде жас өрендер жиналған жұртты өз өнерлерімен тәнті етті.
Қазақстанда 22 081 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, 3 790 бала балалар үйінде тұрады. Соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 80 бірлікке қысқарды, бүгінде 116 ұйым жұмыс істейді.