Өскемендегі №22 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған. Мұнда қазіргі уақытта 80-ге жуық азамат еңбек етуде. Мекеме басшылығы қаладағы ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, жұмыспен қамту бастамасын іске асыру бойынша келісімдер жүргізілуде.
Темір торға тоғытылатындарды жұмыспен қамту маңызды. Түзету мекемесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі бұл бағытта бірқатар ілкімді шараларды қолға алуда.
Істі болған адамдарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлердің бірі – Алексей Кирюхов. Қазір қол астында 8 жазасын өтеуші азамат қызмет етуде. Мұндағы жұмыс уақыты таңғы 8-ден басталады. Олар ағаш өңдеумен айналысады.   
Мұнда сотталған азаматтар сапалы қолөнер бұйымдарын жасап шығарады. Қазіргі сұранысқа ие астауларды жасауға қайың, терек пен үйеңкі ағашы керек екен. Ол сапасын жоғалтпас үшін жылқы майымен майлап отырған дұрыс дейді түзету мекемесінің шеберлері.  
Жазасын өтеушілердің айтуынша, ағаш өңдеу ісі алғашқыда қиын болып көрінген. Алайда, артынша бұл салаға деген қызығушылығы артқан.
Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбек етуі – түзету мекемесіне де, қоғамға да пайдалы. Қазіргі уақытта түзету мекемесінің басшылығы қаладағы ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, жұмыспен қамту бастамасын іске асыру бойынша келісімдер жүргізілуде.
Сотталғандарды жұмыспен қамту оларды қылмыстық ортадан алшақтатуға және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімдеуге мүмкіндік береді.