1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігінің белгісі саналатын мемлекеттік рәміздер туралы заңға қол қойылды. Мемлекеттік рәміздер халықтың рухын, даналығын, ертеңгі күнге деген үмітін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу әр азаматтың борышы.
Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен асқақ. Халықтың рухын, қаһармандығы мен даналығын танытатын мемлекеттік рәміздер күні үлкен маңызға ие.
Еліміздің мемлекеттік туының үлгісін жасаумен 600 автор шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған екен. Солардың ішінен көк байрағымыз қазақ елінің кемел келешегі мен, шежірелі тарихынан сыр шерткендіктен таңдалып алынды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.