28 маусым бұқаралық ақпарт құралдары өкілдерінің мерекесі қарсаңында ҚР Журналистер Одағының ШҚОФ ҚР ҰҰ "Шығыс"  өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп «Погондағы журналист» сайысын ұйымдастырды. Өңірдегі тілшілер қауымы қолындағы қаламын тастап, иықтарына погон тағып,  бір күн Ұлттық ұлан сапында ел тыныштығын күзетіп жүрген әскерилердің  өмірін бастарынан кешіп көрді.
Айта кетейік, "Погондағы журналист" сайысы облыста тұңғыш рет өтіп отыр. Мақсаты – қиын салада қалтқысыз қызмет етіп жүрген Ұлттық ұлан сапындағы әскерилердің тынымсыз еңбегін насихаттау.
Әскери киім үлгісі, жауынгерлік тапсырма. Журналистер қауымы жүктелген міндетті орындауға әзір. Тапсырмаға сәйкес, тілшілер қауымы топ-топқа бөлініп этносаябақта құқық бұзушылыққа жол берген азаматты іздестіруге кірісті. Басты міндет күдіктіні тез арада қолға түсіру.
Сайысқа қатысушылар 1 сағаттың ішінде күдіктіні қолға түсірді.Бұл тапсырманы әріптестеріміз асқан қырығылықпен орындады. Дегенмен, күдікті бірнеше рет қашуға рет әрекет жасады.  
Сайыс соңында Ұлттық ұланның әскери оркестрі жеңімпаздардың құрметіне әсем әуендерін әуелетті. Жеңімпаздарға «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» арнайы төс белгілер табасталды. ҚР Журналистер Одағының ШҚОФ ҚР ҰҰ "Шығыс"  өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп өткізген шарасы өңірдегі тілшілер қауымына мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.