А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Өз Астанаңды бейнеле» атты балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас дарындардың шығармашылық белсенділігіне қолдау көрсету. Балғындардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.
Балалар ел астанасына деген сүйіспеншілігін және әсем қаладан алған әсерлерін суреттер арқылы бейнеледі.
Көрмеде ҚР Суретшілер Одағының ШҚОФ жанындағы балалар мен ересектерге арналған «Горный ручей» шығармашылық даму орталығының жас суретшілерінің жұмыстары көрсетілді. Аталған шарада сурет салу кезінде көзге түскен дарынды балаларды анықталды.
Шараның негізгі идеясы сурет әлемі арқылы балалардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін түрлі-түсті бояулар арқылы жеткізу. Сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықтарын шыңдау.