Күршім, Зайсан аудандары халқының облыс орталығымен көлік байланысы «Қызыл ту» өткелі арқылы іске асырылады. Өткел аталған аудандар үшін әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Ал, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан осы өткелдің жұмысына ерекше назар аударылады.
«Қызыл ту» өткелі 1963 жылдан бері жұмыс істейді. Жолаушылар мен көлік тізгіндегендерді өткел арқылы тасымалдауды «Ертіс» және «Күршім» дизель-электрөткізгіш паромдары жүзеге асырады. Бір паромның жүк көтергіштігі 185 тоннаны құрайды. Жолаушылар сыйымдылығы 212 адам немесе 50 жеңіл автокөлік. Жазғы уақытта паромдардың қозғалысы 6-дан кешкі 9-ға дейін. Автокөлік құралын тасымалдаудың ең төменгі тарифі 1500 теңгені құрайды.
Өңірде көпір салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа көпір жолаушылар үшін жыл бойы көлік қатынасының болуына мүмкіндік береді.
2018 жылға дейін паромдарды күтіп ұстау және олардың жұмыс істеуі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Ал, жолаушылар мен автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастыру бойынша міндеттемені орындау - «Облшығысжол» ЖШС компаниясына берілді.