Облыста интернет алаяқтыққа тыйым болмай тұр. Жыл сайын аймақтағы ондаған адам зиянкестердің құрбаны болуда. Қазір цифрлық технологияларды белсенді қолданып жүрген алаяқтардың айла-амалдары күн сайын өзгеруде.
Жыл сайын зиянкестер азаматтарды алдаудың жаңа схемаларын ойлап табады. Полицейлердің айтуынша, алаяқтардың құрбандары көбінесе орта жастағы және егде жастағы адамдар. Алайда, жақында олардың "клиенттік базасы" әлдеқайда кеңейе түсті. Азаматтардан ақша алу үшін алаяқтар қазір қашықтан қол жеткізу қосымшаларын белсенді қолдануда.
Интернет алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдерінің бірі –түрлі хабарландырулар арқылы тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі парақшасын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтындар да көбейген.
Полицейлер аймақ тұрғындарына алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді. Мәселен, күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеу, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпау, бұдан бөлек, кез-келген сілтеме бойынша өтпеуге де шақырады.