Өңірде бірнеше медициналық мекеме оңалту және қалпына келтіру қызметтерін  көрсетеді. Оңалту орталықтары бес мың баланың аяққа тұрып, еміне шипа табуына мүмкіндік береді. Ал, осындай балаларға арналған оңалту орталығының бірі өңірдегі «Ана мен бала орталығында» жұмыс істеп тұр. Мұнда ең жоғары технологиялық жабдықтар мен оңалтудың ең озық әдістемелері пайдаланылады.
Медициналық мекеме «Қамқорлық» бастамалар форумы аясында 2020 жылы ашылған. Орталық – өңірдегі, оның ішінде шал¬ғайдағы елді –мекендегі тұрғын¬дардың сапалы әлеуметтік қызметтер алуына жағдай жасайды. Ерекше күтімді қажет ететін мыңдаған бала денсаулығын нығайтып, жағдайын жақсарта алады.
Оңалту орталығында тірек-қимыл аппараты бұзылған ерекше балалар және бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі  бала ем-дом алып, оңалтудан өте алады. Өз ісінің маманы, білікті дәрігер Азамат     Райымбеков балаларға ерекше көңіл бөліп, олармен тығыз байланыста болу басты қағиданың бірі, дейді.
Оңалту орталығының маңызы мен көмегі зор. Мұнда кешенді   ме¬д謬¬ц謬¬на¬лық, психологиялық және әлеуметтік-педа¬гогикалық жағынан әдістер жүргізіледі.