Төтенше жағдайлар департаментінің облыстағы өкілдері де «Мектепке жол» республикалық акциясына өз үлестерін қосуда. Акция жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. Өңірдегі бірнеше аудандарда төтенше жағдай басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері оқушыларды оқу маусымына дайындап, қажетті құрал-жабдықпен қамтуға көмектеседі.
 «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Департамент қызметкерлері акция шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектеседі.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері  4 баласы бар Кондратьевтер отбасына және 6 балалы Вертячтар жанұясына көмек көрсеткен.
Қауіпсіздіктің алдын алу үшін құтқарушылар оқушылардың сөмкелерін өрт кезіндегі ережелер көрсетеілген жиынтықтармен қамтыған. Департамент өкілдері мұндай шараның оң нәтиже беретінін атап өтті. Айта кетейік, аталған акция барлық аудандық бөлімшелерде ұйымдастырылады.