Облыс орталығында А.С.Пушкин атындағы кітапханада соғыс ардагері, Кенді Алтайдың абыз ақсақалы, өлке шежірешісі Бошай Кітапбаев туралы жаңа кітаптың тұсауы кересі өтті. "Өнегелі өмір" атты кешке аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысты.
Өскеменде өңірдің абыз ақсақалы әрі өлке шежірешісі, Социалистік Еңбек Ері, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, болмысы бөлек тұлға Бошай Кітапбаевтің жаңа кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. «Өнегелі өмір» атты еңбектің тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Ермек Көшербаевта қатысты.
Ғасырлық мерейтойы қарсаңында қалың оқырманға жол тартқан тың еңбекте Бошай Кітапбаевтың құнды тарихи жазбалары, ой-толғаныстары, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, фотосуреттері мен мұрағат құжаттары топтастырылған.
Болмысы бөлек Бошай Кітапбаев талай бәйгенің алдын бермеген жүйріктерді баптаған белгілі атбегі.
Бошай Кітапбаев «Тоғыз таңбалы Найман», «Шежіре», «Айта-айта Алтайды, Бошай ата қартайды», «Жылы пікіріміз ешқашан өзгермейді» атты кітаптардың авторы.
Бошай Кітапбаевтың шежіресі – шығыс жұрты іздеп жүріп оқитын құнды мұраға айналған.