Облыста жылыту маусымына дайындық басталды. Күз келсе тұрғындар арасында отын мәселесі басталады. Осы ретте қаладағы жауапты мамандар тұрғындарды ертерек қамдануға шақырады. Қатты отын  тоннасына 14000 теңгеден саудаланып жатыр. Облыс тұрғындарына алдағы күз бен қыс айларында 450 мың тоннаға жуық көмір қажет.
Өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Күз бен қыс айларында аймақ бойынша көмірдің жалпы қажеттілігі 3 097 тоннаны құрайды. Оның ішінде бюджеттік ұйымдар үшін – 41 мың тоннаға жуық қатты отын қарастырылған.
Облыстағы теміржол тұйықтарын көмірмен уақтылы қамтамасыз ету үшін «Қаражыра» АҚ және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін қатты отын жеткізу кестесі жасақталған.
Халықты қатты отынмен қамтамасыз ету жылдағы өзекті мәселе. Сол үшін сала мамандары тұрғындарды ерте бастан қамданып, көмірді сатып алуға шақырады.