- Аймақта жылыту маусымы қыркүйектің аяғында-қазан айының басында басталады. Барлығы ауа райының салқындығына байланысты. Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев бұл туралы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Сондай-ақ, ЖЭО-ның дайындығы, көмір қоры және басқа да өзекті мәселелер сөз болды. Дидар Кеңесбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 3017 үйдің 2942-сінде жылу маусымына дайындық паспорты дайын. Яғни, ол үйлердің тұрғындары жылу желілеріне қосылуға өтініш бере алады. Мәселен өткен жылы жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталған еді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау нысандары, бір сөзбен бюджеттік ұйымдар жылыту маусымына әзір. Бүкіл өңірдегі жылу желілерін техникалық тексеру аяқталған. Дидар Кеңесбаев ШҚО-дағы барлық ЖЭО әзірге 82,3%-ға дайын екенін айтады. Өскемен, Согра және Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. Алайда, бұл жылыту маусымының басталуына ешқандай кедергі болмайды, деп атап өтті спикер. Көмірге келетін болсақ, күзгі-қысқы маусымға жалпы қажеттілік 3 млн 97 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін 447 мың тонна және бюджеттік ұйымдар үшін 50 мың тоннаға жуық. Барлық бюджеттік ұйымдар қатты отын сатып алды. Тұрғындар шамамен 318 мың тонна көмір қорын дайындады. ЖЭО мен аймақтың барлық жылу көздерінде 263 мың тоннадан аса қатты отын әзірлеген. Бүгінгі таңда өңірде қатты отын жеткізуде қиындық жоқ, деп атап өтті Дидар Кеңесбаев. Аймақта жылыту маусымы қыркүйектің аяғында-қазан айының басында басталады. Барлығы ауа райының салқындығына байланысты. Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев бұл туралы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Сондай-ақ, ЖЭО-ның дайындығы, көмір қоры және басқа да өзекті мәселелер сөз болды.
Дидар Кеңесбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 3017 үйдің 2942-сінде жылу маусымына дайындық паспорты дайын. Яғни, ол үйлердің тұрғындары жылу желілеріне қосылуға өтініш бере алады. Мәселен өткен жылы жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталған еді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау нысандары, бір сөзбен бюджеттік ұйымдар жылыту маусымына әзір. Бүкіл өңірдегі жылу желілерін техникалық тексеру аяқталған. Дидар Кеңесбаев ШҚО-дағы барлық ЖЭО әзірге 82,3%-ға дайын екенін айтады. Өскемен, Согра және Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. Алайда, бұл жылыту маусымының басталуына ешқандай кедергі болмайды, деп атап өтті спикер. Көмірге келетін болсақ, күзгі-қысқы маусымға жалпы қажеттілік 3 млн 97 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін 447 мың тонна және бюджеттік ұйымдар үшін 50 мың тоннаға жуық. Барлық бюджеттік ұйымдар қатты отын сатып алды. Тұрғындар шамамен 318 мың тонна көмір қорын дайындады. ЖЭО мен аймақтың барлық жылу көздерінде 263 мың тоннадан аса қатты отын әзірлеген. Бүгінгі таңда өңірде қатты отын жеткізуде қиындық жоқ, деп атап өтті Дидар Кеңесбаев.