Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Өскеменде «OSKEMEN CROSS FEST 2023» марафоны ұйымдастырылды. Бұл сайыс облыс орталығында осымен 2-ші рет ұйымдастырылып отыр. Додаға 300-ге жуық азамат қатысты. "Oskemen cross fest - 2023" кезекті марафонына қатысуға ниет білдіргендердің қатары артқан. Осыған дейін ұйыымдастырылған шараға 250-ге жуық азамат қатысқан еді.Марафонда жас ерекшелігі ескеріліп, 17 жас аралығындағы қатысушылар 3 шақырымға,18 жастан асқандар 10 шақырымды еңсерді. Жарыс Шешек асуынан басталып, Республика алаңына дейінгі аралықты қамтыды.Марафонға қатысушылар медальдармен марапатталды.