Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың шығыс  өңіріне сапары Глубокое ауданында жалғасын тапты. Үкімет басшысы аудандағы  "Altyn  Shyghys" ЖШС майлы дақылдарды өңдейтін кешенде болды.  Өндіріс орны жылына 330 мың тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Бірегей кәсіпорын былтыр іске қосылды. Май экстракция кешені Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан. Қазір күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты тәулігіне 1400 тоннаны, рапс 550, соя 500 тоннаны құрайды. Үкімет басшысы  агроөнеркәсіптік өндіріс пен бүкіл облысты азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін кәсіпорынның қызметіне жоғары бағасын берді.Айта кету керек, өткен жылы ғана мұнда 20 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Кәсіпорында  320-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.