Ерекше балаларды қоғамға бейімдеу мемлекет алдына қойған басты міндеттің бірі. Қуантарлығы, жыл сайын оларға арналған орталықтар, арнайы сыныптар саны артып келеді. Бүлдіршіндермен жұмыс істейтін мамандар да жоғары сұраныста. Дегенмен, арнайы мамандардан мол пайда болу үшін арнайы сыныптар керек. Осы орайда Казцинк компаниясы №36 мектепте кабинет ашуға көмектесті. Өңірде инклюзивті білім беру, оны қолдау ісі дамып келеді. Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар он мыңнан аса бала есепте тұр. Аймақ мектептерінде 51, мектепке дейінгі мекемелерде 3 инклюзияны қолдау кабинеті бар. №36 орта мектепте осындай арнайы кабинет Казцинк компаниясының арқасында ашылды. Мектепте 45 ерекше бала болса, соның 10-ы жеке қосымша білім беруге мұқтаж, дейді мектеп директоры. Айтуынша, кабинеттің пайдасы зор. Аймақтағы арнайы мекемелерде екі мыңға жуық балаға қызмет көрсетіледі. Мемлекет пен кәсіпкерлер, Казцинктай компаниялар жеке сүйемелдеуге мұқтаж барлық баланың қажеттілігін қамтамасыз етуге күш салуда. Педагог-ассистент Динара Ахметқалиева ерекше баланы әлеуметтендіру жауапты іс екеніне тоқталды. Казцинк үшін бұл инклюзияны қолдаудағы алғашқы жоба емес. Осы жылдың өзінде екі бірдей дәл осындай жұмыс жүзеге асырылған. Сыныпта сөйлеуді, ұсақ моториканы, ойлауды дамытуға арналған тренажерлар, құралдар қойылған. Он мыңнан аса шығысқазақстандық ерекше баланың 96%-ы білім беру, түзету және әлеуметтік қызметтердің әртүрлі түрлерімен қамтылған. Әрине, жас ерекшелігі, деңгейіне байланысты ескерулер бар. Десе де, осындай арнайы кабинеттер арқасында білім берудегі бұл сала тоқырауда емес, керісінше даму үстінде.