Қандай да бір мемлекеттің құрылу тарихында географиялық карталардың маңызды рөл атқаратыны хақ. Карталар мемлекеттің ғасырлар бойы өзіне тиесілі болған жер телімін көрсетеді. Республика күніне орай Өскеменде «XV-XIX ғ. Қазақ мемлекетінің Еуропалық және Америкалық карталар географиясы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әріптесім Нұртас Қайролдаев қатысып қайтты. Еліміздің 15-19 ғасырлар аралығындағы мемлекеттігін айқындайтын кескіндеме карталар галереясы облыстық Драма театрда өтті. Көрермен назарына ұсынылған картада Еуропа және Америка аумағында кездесетін қазақша атаулар және тұрмыста қолданылған заттар бейнеленген. Шараны ұйымдастырушылар осы арқылы қазақ елінің көнеден тұтас мемлекет болғанын көрсеткісі келген. Бұл кескіндеме карталарды Мұхит-Ардагер Сыдықназаров шет мемлекеттердің мұрағаттарынан, мұражайларынан жинап алып келген. Осы карталар әр қазақтың үйінде қамшы мен домбыраның денгейінде ілініп тұрса, дейді Л.Н. Гумилев атындағы евразия ұлттық университетінің профессоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. Масариков университетінің профессоры Милан Конечный көрмеде қойылған карталармен бұған дейін танысқанын айтады.  Көрменің ашылу салтанатына Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қатысты. Бұл біз үшін жаңашылдық болды. Тың деректердің арқасында елімізді жаңа қырынан танимыз, рухани дами түсеміз дейді айтыскер ақын Аян Қалымбек. Бұл жәдігерлердің болашақ ұрпаққа айтар сыры мол. Көрмеде тек қазақ тарихы ғана емес, түркі халықтарының тыныс-тіршілігінен сыр шертетін дүниелер де көпшілік назарына ұсынылды.