«Жасы да, жасамысы да қатысқан саяси науқан». Бүгінгі сайлауды бір ауыз сөзбен осылай айтуға болады. Бұл жолы таңдау жасаған әрбір адам өз қадамының бүкіл ел үшін маңызды екенін жете түсінді. Білім саласының қызметкері Сәкен Қасеновтың айтуынша, сайлаудағы белсенділік, азаматтардың ел ертеңіне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Қазақ даласы елге қатысты мәселені ежелден кеңесе отырып шешкен. Маңызды оқиғалар, қашаннан қазақты біріктіріп, ұлтты ұйыстырған. Көнеден келе жатқан осы бір игі дәстүр осы жолғы сайлауда да жалғасын тапқандай болды. Шығысқа есімі белгілі өнерпаз, зиялы азамат Набиолда Кемешовтың пікірі осыған саяды. Қоғам белсендісі Жұлдыз Ақтанжанованың пайымынша, мұндай науқанды адамдар дұрыс қабылдау қажет. Яғни, азаматтар сайлаудың маңыздылығын түсініп қана қоймай, мерекелік көңіл-күйді де сезіне білуі керек. Дауыс берушілер де сайлау учаскелерінде барлық талаптар сақталып, кемшіліктердің болмағанын айтады.