Аймақта Республика күніне орайластырылған мәдени шаралар легі жалғасуда. Мәселен, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музыка-сезім әуені» атты ұлт аспаптар көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің ерекшелігі жайлы тілші тарқатсын. Музыкалық аспаптар ол бір елдің тарихын, мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Өскемендегі «Музыка-сезім әуені» атты ұлт аспаптар көрмесін ұйымдастырушылар келушілер назарына ұсынылған заттарды аймақтағы алыс-жақын аудандардан және шет елдермен мәдени байланыс оратып, жинаған. Көрмеде қойылған жәдігерлер тек қазақ халқының ғана емес, қытай, үнді халықтарының музыкалық аспаптары ұсынылған. Көрмеде қойылған жәдігерлер арқылы қазақ елінің тарихы, мәдени байлығымен танысуға болады. Бұл өскелең ұрпаққа туған жердің мәдениетін ұмытпауға септігін тигізеді, дейді Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков. Мұражайға жиналған қауым көрмеге қойылған музыкалық аспаптардың үнін де тыңдауға мүмкіндік алды.