Шығыс Қазақстанда түрлі салалар бойынша тұралау жоқ. Осылай деп облыс басшысы Алтай ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде айтты. Ермек Көшербаев келтірген деректерге сәйкес, шығыстың осы жылғы қаңтар-қазан айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,4%-ды көрсеткен. Жоспарланған жұмыстар жалғаса бермек. Өңірдің салаларға байланысты өсімі жақсы. Барлық бағытты қамти алатын Шығыс Қазақстанның шығыстан гөрі кірісі басым. Бір ғана инвестиция тарту көрсеткіші 466,3 млрд.теңгені құраған. Аймақтың әлеуетін арттырып отырған кәсіпорындық өнім көлемі 107%-ға артып, құрылыс жұмыстарына 217,6 млрд. қаржы бөлінген. Он айда 17 мың жаңа жұмыс орыны ашылған. Агрошаруашылық саласы. Бұл бағытта аймақта қажеттінің бәрі бар. Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, егін егу өңір үшін өгей шаруа емес. Екпін дақылдарға қойылып отыр. Ауылшаруашылығын дамыту жайында Алтай ауданы алда. Саланың қай бағыты болсын ауданда. Жаңаны ойлап табудың қажеті жоқ, бар дүниені дамыту керек, дегендей ой тастады облыс әкімі. Енді Алтай ауданында жаңа ферма ашылмақ. Сонымен қатар, «Тұрғысын-2» ГЭС құрылысын бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Стансаның электр энергиясы қуаттылығы 44 мың мегават. Бұдан бөлек, кәсіпорын саласына күш салу қажет. Енгізілетін жобалар жыл сайын өндірістік кәсіпорын қуатын 10%-ға арттыруға септігін тигізеді. Осылайша бәсекеге қабілеттілікті тұрақты дамытуға мүмкіндік зор, дейді Ермек Көшербаев. 2024-2027 жылдарға құны 803 млрд.теңгеге 25 жоба жоспарланғаны айтылды. Оның ішінде Тарбағатай ауданында тау-кен байыту комбинатын, Ұлан ауданында тантал, нибоий мен литий өндірісі байыту кешенін салу сияқты ірі жобалар бар.