Өскеменде Прокуратура күніне арналған волейбол турнирі өтті. Турнирдің ашылу салтанатына олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысты. Басты мақсат прокуратура қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Республикалық додада Абай, Жетісу, Павлодар, Қарағандыдан келген командалар өзара кім мықтыны анықтайды. Тартысты ойынға Абай, Жетісу, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан командалар келді. Шараның салтанатына олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, құқық қорғау органдарының басшылары, прокуратура ардагерлері қатысты. Турнидің мақсаты прокуратура қызметкерлері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, диплом және медальдармен марапатталды.