Шығыс Қазақстан өнер музейінде көне карталардың көшірмелері көрмеге қойылды. Республика күніне орай ұймдастырылған шараға студентер қатысты. Олар тарихқа қатысты көптеген ақпаратқа қанығып, мол мағлұмат алды.

16 ғасырларда сызылған карталар қазіргі таңда құнды жәдігерлердің бірі. Себебі, Еуропаның архивтерінен табылған карталардың сызбаларында ежелгі Қазақстанның аумағы бейнеленген. Оның атаулары «Kasaki, Tartari, Nagai Tartari» секілді политонимдермен жазылған.

17 жыл бойы Еуропа елдерінің архивтерін ақтарған зерттеуші Мухит-Ардагер Сыдықназаров қазақ картографиясына өз үлесін қосты. Ол Батыс елдерінің ежелгі карталарынан қазақ даласына тиесілі аумақтарды зерттеген.

Көрмеге қойылған Ару Сұлтанның картинасы тарих парақтарында үлкен әріппен жазылған. Атақты саяхатшы Энтони Джекинсон Қазақ даласына келіп картографиялық зерттеу жүргізген. Сол кезде Ару Сұлтан саяхатшының жанында болып, картаның салынуына өз үлесін қосқан.

Көне карталар сол заманның айқын көрінісі және оның барлығы көшірме. Біреуінде қазақтың үш жүзі мекендеген аумақтар көрсетілсе, тағы біреуінде көне тайпалардың территориясы кескінделген.