Өскеменде 2008-2009 жылы туған ұлдар және қыздар арасында волейболдан ел біріншілігі басталды. Турнирде 30 команда өз ара кім мықтыны анықтады. Басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдау.
Топқа түскен командалар арасында Астана, Жетісу, Тараз, Маңғыстау өңірінен келген, сонымен қатар оралдық, петропавлдық, павлодарлық, семейлік және өскемендік спортшылар бар. Алты күн бойы елдің әр өңірінен келген қол добының шеберлері көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлап, жақсы ойын өрнегін көрсетеді.
Жарыстың аты жарыс. Кімнің жеңіп, кімнің жеңілерін топшылау қиын. Алайда, жарысқа түскен әр команда ойындағы шеберліктерімен қатар, ерекше дайындықтарын да танытты. Бұл - спортшы мамандардың пікірі.
Жалпы өңірде волейболға ден қойған жастар көп. Сайыстың мақсаты да осы – өрендердің дайындығын жетілдіріп, деңгейін өсіру. Бәсеке бар жерде спортшылардың ойыны да ширай түсері анық.
Республикалық дәстүрлі турнирге биыл 17 қыздар және 13 ұлдар командасы, барлығы 500-ге жуық жасөспірім қатысты. Ел біріншілігінде топ жарып, үздік ойын көрсеткен спортшылар ұлттық құрамаға өтуге мүмкіндік алады.